Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы ревакцинация жасады

22.11.2021 23:07

Емханаларда жүкті әйелдерге, жасөспірімдерге және бала емізетін аналарға екпе салу жалғасып жатыр

Almaty.tv

22 қарашада Алматы қаласында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін алғашқылардың бірі болып №4 қалалық емханада Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев екпе алды. Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін инактивтендірілген QazVac және Sinopharm (Vero Cell) вакциналары қолжетімді.

Бірінші кезекте  ревакцинацияға тұрғындардың осал топтары жатады, олар - медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер,  жабық балалар мекемелері, 60 жастан асқан адамдар, КВИ қарсы толық вакцинация курсынан кейін антитела анықталмаған иммунитеті төмен адамдар, өз бетінше тексерілген және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар жатады

КВИ-ге қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жасалады. Инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан кейін жасалады.

Сондай-ақ, қалалық емханаларда жүкті әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және бала емізетін аналарға  COVID-19 врусына қарсы Pfizer компаниясының «Комирнати»  екпесін салу да жүргізіліп жатыр.