Бұл туралы «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жәнібек Солтанай айтты
«Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жәнібек Солтанай қазақстандықтарды COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Отбасымызбен қазақстандық QazVac вакцинасын салғыздық. Анамның жасы 63-те, созылмалы аурулары және мүгедектігі бар. Соған қарамастан анама екпе салғыздым. Қазір вакцинаның арқасында бүкіл әулетімізбен қауіпті індеттен аманбыз. Сондай-ақ өзім болашақ дәрігер ретінде өзімнің және жақындарымның денсаулығына жауапты екенімді білемін. Қазір қайда барсам да алғашқы сөздерімнің бірі ол – екпе салу. Халықты екпе салуға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүруге тырысамын», – деді Ж. Солтанай.