Қазақстанда вакцина алғандардың саны 5 миллион 55 мыңға жуықтады

23.07.2021 23:36

Алматыда 212 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр

almaty.tv

Коронавирус вакцинасын алған қазақстандықтардың саны 5 миллион 55 мыңға жуықтады. Ал 3 миллион 75 мыңнан аса отандасымыз екпенің 2 бірдей компонентін алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда 670 мыңнан астам тұрғын иммундау шарасынан өтті. Шаһарда 212 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 1260 маманнан тұратын 308 егу бригадасы еңбек етіп жатыр. Екпе алуға ниетті тұрғын өзіне ыңғайлы кез-келген егу орнына жеке куәлігімен барса жеткілікті.

«Вакцина алуға кеңес береміз. Себебі ауру әбден зерттелді. Бұл – жаңа індет емес. Ол 2019 жылы Қытайда анықталды. Одан бері біраз уақыт өтті. Пандемия басталғанда барлық күш вакцина жасауға жұмсалды. Ғалымдар зерттеп, коронавирусқа қарсы осындай препаратты ойлап тапты», – деді №29 қалалық емхананың сарапшы дәрігері Гүлжан Иманбекова.