Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан аса тұрғын COVID-19 вакцинасын салдырды

18.05.2021 23:42

1 ақпаннан бері жалпы 274 мыңға жуық алматылық екпе алған

Almaty.tv

Алматыда бір тәуліктің  ішінде 3 мыңнан аса қала тұрғыны COVID-19 вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, 1 ақпаннан бері жалпы 274 мыңға жуық алматылық екпе алған. Егде жастағы тұрғындар да ерекше белсенділік танытуда дейді дәрігерлер. Мәселен осы уақытқа дейін, 30 мыңнан аса 60 жастан асқан алматылық вакцина салдырыпты. Шаһарда 214 егу пункті жұмыс істеп тұр. Егу бекеттерінде екпе алуға ниеттілерге вакцинаның 3 түрі: яғни отандық QazVac, ресейлік Спутник-V және қытайлық Sinopharm технологиясымен өндірілген Hayat Vax араб вакцинасы ұсынылады.

«Біз осы емханада 2 егу пунктін және «Mart» сауда орталығында 2 вакцина орталығын ұйымдастырдық. Екпе алмас бұрын әрбір азамат медициналық тексеруден өтеді. Яғни оны терапевт дәрігер қарап, қан қысымын, жүрек қағысы мен дене қызуын өлшейді», – деді № 9 қалалық емхананың бас дәрігері Әсем Мұсабаева.