«Спутник V» – коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препарат
Қарағанды фармацевтикалық кешені тамыз-қыркүйек айларында қазақстандық нарыққа «Спутник V» вакцинасының 2 млн дозасын шығарыды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Кешен мен «СК-Фармация» арасында тиісті келісімге қол қойылды. Орындау мерзімі – 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары», делінген хабарламада. Бұған дейін кешен Қазақстан азаматтарына арналған вакцинаның 5 миллион дозасын шығарған болатын. «Спутник V» – коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препарат. Ақпан айында Қазақстан «Спутник V» вакцинасын тіркеп, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығара бастады. Бұл вакцина тұрғындардың жалпы саны 3,5 миллиард адамнан асатын 67 елде мақұлданды.