Нұрымбек Тау: Бәріңізді вакцинаны алуға шақырамын

22.05.2021 00:55

Алматыда бірінші ақпаннан бері 282 мыңнан аса қала тұрғыны COVID-19-ға қарсы екпе алған

Almaty.tv

Алматыда бірінші ақпаннан бері 282 мыңнан аса қала тұрғыны COVID-19-ға қарсы екпе алған. Ал бір тәулікте 3 мыңнан аса алматылық вакцина салдырыпты. Олардың қатарында қалалық мәслихат депутатты Нұрымбек Тау да бар, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Бүгін вакцинаның бірінші вакцинасын алдым, өзімді жақсы сезінудемін. Жарты сағат уақыт өтті, бәріңізді вакцинаны алуға шақырамын», – деді қалалық мәслихаттың депутаты Нұрымбек Тау.

«Вакцинаның бірінші кезеңін алдық. Вакцина арқылы осы пандемияны жеңудің жалғыз жолы. Баршаңызды осыған шақырамын. Біз ұжыммен бірге осы вакцинаны қабылдап жатырмыз», – деді қала тұрғыны Ұлықбек Шайкенов.

Айта кетейік, шаһарда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың сауда ойын сауық орталықтарында 210 вакцина салу пункті жұмыс істеп тұр. Ал 306 бригадаға 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

«Екпе бригадасында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізіп жатырмыз. Вакцинацияның негізі көрсеткіштері 18 жастан асқан кісілерге 65 жасқа дейін салынады. 65 жастан асқан кісілерді өз еркімен, келісімімен салынады», – деді №25 қалалық емхананың дәрігері Әлия Жалғасбаева.