Атырауда 30-ға жуық журналист екпенің алғашқы компонентін салдырды

Өңірлердегі вакцинация
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирусқа қарсы вакцинация еліміздің өңірлерінде де қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мәселенк, атыраулық 30-ға жуық журналист Еркінқала амбулаториясына арнайы барып, екпенің алғашқы компонентін салдырды. Ал өткен тәуліктің өзінде «Спутник V» препараты 800-ге жуық тұрғынға егілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ешқандай кері әсер жоқ. Басым да айналып тұрған жоқ. Өзінің отан алдындағы, отбасы, қоғам алдындағы,өзге адамдар алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын әрбір азамат бұл вакцинаны қабылдау керек деп есептеймін», – деді журналист Дәурен Мақым.

Ал Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының қызметкерлері екпенің екі компонентін де салдырып үлгерген. Бүгінде бәрінің жағдайы жақсы, алаңсыз күнделікті қызметін атқарып жүр.

«Біріншісін алған кезде бәрімізде, әсіресе, температура, слабость болады, бас ауруы болады деп ескерткен. Ондай ештеңке болған емес. 21 күннен кейін екіншісін алдым. Өзімді жақсы, бір қалыпты сезінемін», – деді қалалық көпсалалы ауруханасы қабылдау бөлімінің аға медбикесі Әйгерім Қасенова.

Ал Маңғыстауда да соңғы бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны күрт өсті. Осыған байланысты індетке қарсы екпе алуға ниеттілер де көбейген. Жалпы осы уақытқа дейін облыс бойынша 6 мыңнан астамға екпе салынды.

Новости партнеров