|
09.04.2021 | 19:45
1061

323 млн теңге бірнеше аппарат сатып алған колледжде сұранысқа ие мамандықтар ашылды

«Жас маман» жобасы бойынша

323 млн теңге бірнеше аппарат сатып алған колледжде сұранысқа ие мамандықтар ашылды

Алматы көпсалалы колледжі «Жас маман» жобасы бойынша құны 323 миллион теңге тұратын аппараттар сатып алды. Жобаның арқасында 2 оқу өндірістік шеберханасы, теориялық оқыту бөлмелері мен бейнеконференция залы ашылыпты. Қазіргі уақытта оқу орнында «Тоңазытқыш машиналар және қондырғылар», «Мыс түтікшелерін дәнекерлеу» секілді сұранысы жоғары мамандықтар пайда болды. Мұндай жетістік болашақ кадрларға сапалы білім мен тәжірибе қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мамандығыма келетін болсам, өзімен ұнайды. Болашақта өз мамандығым бойынша кәсіп ашқым келеді. Дипломмен жұмыс өзімнің кәсібім деп айтсақ та болады», – деді студент Аманқос Жарасхан.

«Жас мамандар аясында осы колледжіміз толықтай қондырғылармен жабдықталды. Енді осы қондырғыларды қолдана отырып, республикалық деңгейде ғана емес әлемдік жарыстарға қатысып, студенттеріміз жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз», – деді оқытушы Біржан Мырзаханов.

«Жас маман»  жобасының негізгі мақсаты еліміздегі 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 ден аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту. Одан бөлек, білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Сондықтан да оқу орын басшылығы мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта басқа да орталықтар ашу ойымызда бар дейді.

«Алдағы уақытта жоспар бойынша колледжімізде құзіреттілік орталығын ашу. Өйткені бұл жаңа қондырғылар бойынша өзіміздің шеберханада қаладағы мамандарды қайта даярлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз», – деді Алматы көпсалалы колледжінің директоры Қуат Райымбеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир