Алматы әкімі аға буын өкілдерін вакцина алудан қорықпауға шақырды

06.05.2021 в 00:21

Алматыда қалалықтарды жаппай вакциналау 2 сәуірде басталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев вакциналаудың коронавирус инфекциясымен күресте маңызды екенін атап өтті және алматылықтарды бұл мәселеде белсенділікті төмендетпеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың вакциналаудың алғашқы күндері белсенділік танытқанын атап өтті. Қала әкімі вакциналауды кейінге қалдырмауға, вакцинаны ыңғайлы екпе пункттерінде алуға шақырды.

Мегаполис әкімінің айтуынша, қоғамдық береке және қала өмірінің бұрынғы қалпына қайта оралуы әрқайсымызға тікелей байланысты. Оның үстіне, Б. Сағынтаев көп нәрсенің бизнес өкілдеріне қатысты екенін атап өтті, олар ұжым мүшелерін екпеден өткізу арқылы клиенттері алдында жауапкершілігін көрсете алады. Келушілердің денсаулығына деген шынайы қамқорлық осыдан көрінеді, бұл әсіресе қоғамдық тамақтану орындарына, қызмет көрсету салаларына тікелей қатысты.

Алматыда қалалықтарды жаппай вакциналау 2 сәуірде басталды.

Бүгінде 211 екпе пункті бар, онда 1809 қызметкері бар медиктердің 402 екпе бригадасы, 40 жылжымалы мобильді бригада жұмыс жасауда. Жалпы вакциналау үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында вакцина салу үшін 250 екпе пунктін ашу жоспарланған.

Өткен тәуліктерде КВИ-ге қарсы вакцинаны 6 037 адам алды. Жалпы биыл 1 ақпан мен 4 мамыр аралығында 232 295 адамға екпе салынды. Оның ішінде 25 сәуірден бастап QazVaс вакцинасын 2 723 адам алды. ІІ компонентті Спутник-V екпесін 87 214 адам қабылдады. Сонымен қатар, Hayat-Vax препаратымен вакциналау басталды.