Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали вакцинация – инфекцияның таралуын тоқтатудың жалғыз жолы екеніне сенімді. Ал тіс дәрігері Гүлнар Саримова коронавирус тістер мен ауыз қуысына ауыр зақым келтіруі мүмкін екенін еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әзірге Алматыда барлық кезеңде бірінші компонентпен 1 052 249 адам, екіншісімен 984 191 адам егілді. Вакциналанған 60 жастан асқандар жалпы санынан 122 743 адамды құрайды. Л. Мырзағали олардың ішінде 20 мыңнан астам адам Pfizer өндірген препаратпен егілгенін айтты.
«Тәжірибе көрсеткендей, вакцинация жасөспірімдер, болашақ аналар және лактация кезінде әйелдер үшін қауіпсіз. Бүгінгі таңда Алматыда Pfizer өндірген Comirnaty препаратымен 20 329 адам вакцинацияланды, оның ішінде 1207 жүкті, 4152 бала емізетін ана және 14 970 жасөспірім бар», - деп хабарлады ҚДБ өкілі.
Баспасөз конференциясына «Клиника доброго стоматолога» клиникасының бас дәрігері, Қазақстан стоматологиялық қауымдастығының аймақтық директоры Гүлнар Сәлімова қатысып, коронавирустың тіс пен ауыз қуысының денсаулығына қалай әсер ететінін айтып берді.
Г. Сәлімова коронавирус пациенттердің ауыз қуысында бірқатар қабыну процестерін тудыруы мүмкін екенін ескертті. Ол жұқтырған адамдарда дәмнің бұзылуы, зең, кандидоз, сүйек некрозы, тістің жоғалуы және аузындағы басқа патологиялық жағдайлар пайда болуы мүмкін екенін атап өтті.
Сонымен қатар, стоматологиялық проблемалар инфекцияның қауіп факторы бола алады, өйткені олар дененің қорғаныс функцияларын әлсіретеді.
«Мен барлық азаматтарды вакциналануға шақырамын, өйткені инфекция иммунитетті айтарлықтай төмендетеді. Стоматологиялық аурулар иммундық қорғаныстың әлсіреуіне байланысты пайда болуы мүмкін», - деді тіс дәрігері.