Алматыда өткен тәулікте вакцинаның бірінші компоненті 7567 адамға, екіншісі 12768 адамға салынды
Екпе алған және вакциналанбаған пациенттерде КВИ-ден емдеудің орташа ұзақтығы және аурудан кейін оңалту айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сәпиева айтты.
«Біз коронавируспен ұзақ уақыт жұмыс жасадық. Егер науқастың өкпесі 25-30%-ға дейін зақымданса, кейін фибротикалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Спайкалар болуы мүмкін, бірақ олар тез түзеледі. Бұл жағдайда оңалту ұзақтығы 1 айдан 2 айға дейін болуы мүмкін», – деді Ж. Сәпиева.
Дәрігердің айтуынша, егер стационарға түскен кезде өкпенің зақымдануы КТ-3, КТ-4 деңгейінде, яғни 30%-дан асса, онда өкпе тінін массивті дәнекер тінмен алмастырады. Бронхоэктазия мен адгезия пайда болады. Бұл жағдайда оңалту ұзаққа созылады.
«Мұнда пациентті оңалтуды жеке жүргізу маңызды. Дәрігерлік амбулаторияға, жаттығу терапевтіне бару қажет, курорттық ем, физиотерапиялық процедуралардан өту керек, әрине, диета, тамақтану, салауатты өмір салты, тыныс алу жаттығулары – бұл постковидты пациентке өте қажет шарттар. Көбінесе, сауығудан кейін науқастар аздап ентігеді, ұйқышылдыққа, ұйқының бұзылуына шағымданады, депрессия болады. Ковид кез келген жағдайда өз зардабын қалдырады», – деді Ж.Сәпиева.
Еске салсақ, Алматыда өткен тәулікте вакцинаның бірінші компоненті 7567 адамға, екіншісі 12768 адамға салынды.
Барлығы 733 142 адамға 01.02.2021 ж. мен 02.08.2021 ж.аралығында барлық кезең бойынша вакцина жасалды. 60 жастан асқан вакциналанғандардың жалпы саны 100 430 адамды құрайды.
Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-да 167 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмылдырылған.