Індет жұқтырған 1937 қазақстандықтың жағдайы ауыр. Қазіргі таңда 119 мың 547 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Ел бойынша вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 6 миллионнан асты. Бүгінде 811 мың 800 тұрғын вакцинаның 1-компонентін қабылдаса, 642 мың 44 алматылық 2-компонентін алған. Ал, жаппай имунитет қалыптасу үшін қос доза толық салынып бітуі керек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Лариса Шингроф вакцинаның қос компонентін шілде айында алған. Алайда бүгін өмірлік серігін қолдап, екпе алуға әкеліп отыр. Зейнеткерлер вакцина арқылы індетті ауыздықтап, қалыпты өмірге оралсақ дейді.
«Күйем екеуіміз алғаш келгенде, жұбайымның қан қысымы жоғары болғандықтан, вакцина салмады. Денсаулығы қалыпты жағдайға түскенін күтіп, бүгін келіп отырмыз», – деді зейнеткер Лариса Шингроф.
Қала бойынша өткен тәулікте вакцинаның 1-компонентін 2 мың 413 адам салдырса, 2-компонентті 2 мың 459 тұрғын алды.
«Мен Спутник-V вакцинасының екінші компонентін алуға келіп отырмын. Екпе алу арқылы өзімді және өзгені қауіпті індеттен қорғай аламын», – деді қала тұрғыны Анна Матвеева.
«Осындай қиын сәтте барлығымыз жауапкершілік танытуымыз қажет. Сондықтан індетті ауыздықтау жолында вакцина алу маңызды деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Татьяна Пескавидская.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша өз еркімен екпе салғызуға ниет білдіргендер саны артқан. Мәселен, сауда орталығының бірінде орналасқан егу пунктіне бір тәулікте 500-600 тұрғын вакцина алуға келеді.
«Біздің егу пунктіне «Синофарм» компаниясы өндірген «Вера Селл» вакцинасы келді. Соған орай екпе алуға келушілердің қарқыны көбейді», – деді қалалық №4 емхананың терапевт-дәрігері Айгүл Байболатова.
Қазір Алматыдағы медициналық ұйымдар мен мәдениет және спорт нысандарында, сондай-ақ сауда орталықтарында 160 егу пункті жұмыс істеп жатыр. Оған қоса 237 вакцинация бригадасында 1028 медицина қызметкері жұмылдырылған.
Оразай Нұртай, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы