Вакцина алмаған студенттер қалай оқиды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Биылғы оффлайн бұрынғыдан өзгерек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоғары оқу орнының вакцина алмаған студенттері де оффлайн форматта оқи алады. Алайда, білім ордасына кірмес бұрын Ashyq қосымшасы арқылы тексеруден өтуі тиіс. Шетелден келген білім алушылар да толық вакцина алса,  ПТР-тест ауру жоқ екенін растаса оқу орнында білім ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv

Биылғы оффлайн бұрынғыдан өзгерек. Жоғары оқу орнының студенттері бірінші қыркүйектен бастап, білім қабырғасында оқиды. Алайда, эпидахуалға байланысты сақтауға міндетті талаптар бар.

«Жасыл» және «көк» статустағы студенттер оффлайн оқыса, «сары» және «қызыл» статустағы студенттер онлайн оқиды. Сондай-ақ, 1-2 курстың студенттеріне оқу жылы 13 қыркүйек күні, ал 3-4 курс студенттеріне 1-қыркүйек күні басталады», – деді ҚазҰУ академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің жетекші маманы Ерасыл Асылбеков.

Ал, вакцина алмағандар білім ордасы мен жатақханаға кірмес бұрын Ashyq қосымшасы арқылы тексеруден өтеді. Ал, Қазақ Ұлттық Университеті қызметкерлерінің айтуынша, кәмелет жасына толған 18 мың студенттің 79 пайызы екпе салдырған.

«Вакцина алған студенттерге жеңілдік беру туралы хабарландыру болған. Қазіргі таңда 100 пайыз жеңілдікпен 100 студентке 1 жыл жатақханада тегін тұруы үшін жеңілдік берілді», – деді ҚазҰУ тәрбие департаментінің директоры Жұлдыз Есімова.

Дәл қазір Университет табалдырығын жаңа аттаған студенттер арасында қос дозаны да салдырып жасыл түсті статусқа ие болғандар да және кәмелет жасына толмағандықтан вакцина алмағандар да бар. Тіпті, білім ордасын бірінші рет көрген 2-курс студенттері де кездесті.

«Университетке қазір өзім бірінші рет келіп жатырмын. Өте қуаныштымын, осындай жерде оқитынымды мақтан тұтамын», – деді ҚазҰУ 2-курс студенті Нұрсәуле Аманжан.

«Университетім оффлайн форматқа көшкеніне өте қатты қуаныштымын. 1-курс болғандықтан, студенттік кезді сезініп, сол құбылыстың барлығын өткеру қатты ұнап тұр», – деді ҚазҰУ 1-курс студенті Азиза Бақытқызы.

«Осы жылы 1-курсқа түскен болатынмын, грантқа. Бірақ әлі вакцина алған жоқпын, себебі 18-ге жасым толмаған. Сонымен универге Ashyq қосымшасы арқылы кіріп жүрміз қазір», – деді ҚазҰУ 1-курс студенті Аружан Нұрлыбек.

Қазақ Ұлттық Университетіне биыл 6 мың студент жаңадан қабылданды. Ал, Республиканың өзге өңірлерінен екпе салдырмай келген тәлімгерлер үшін жоғарғы оқу орнында вакцина егу пункттері жұмыс істейді.

Оразай Нұртай, Ялкунжан Әшімжанов,«Алматы» телеарнасы

Новости партнеров