Індеттен тезірек құтылу үшін жаппай вакцинациялауға түсіністікпен қарау керек – Арманжан Байтасов

Almaty.tv
Almaty.tv
Ертеңнен бастап алматылықтарға короновирусқа қарсы екпе егіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтарға коронавирусқа қарсы екпе егіледі. Ол үшін мегаполисте 55 медициналық ұйым сақадай сай. Ал бүгін шаһарға Спутник-V вакцинасының төртінші траншы келді. Келген вакцинаны жеткізу және қабылдау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Одан бөлек мамандар қандай мәселені жіті бақылауда ұстап отыр? Almaty.tv  тілшісі Жанар Ғаниқызы тарқатады.

Бүгін Алматы Хаб-қа жеткізілген 35 мыңға жуық вакцинаның 21 мың 680-і Алматы қаласына тиесілі. Ол қала бойынша 55 медициналық мекемеге жеткізіледі. Ал вакцина тасымалдауға арналған авторефрижератор көлігіндегі температура -18 болуы тиіс. Ал бүгін вакцинаны әр медициналық ұйым қызметкеріне арнайы себетке салып, табысталды.

«Бұл вакцина барлық мемлекеттік және жеке медициналық орындарға жеткізілетін болады. Оны арнайы көлікпен бүгін түнгі 00.00-ге дейін барлық нүктелерге апарамыз. Саны мен сапасы, дұрыс игерілуі біздің жіті бақылауымызда», – деді орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова.

Ал, вакцинаның дұрыс жеткізілуінен бөлек, шартқа сай сақталуы мен халыққа егілуі де жіті бақылауда болмақ. Бүгін мамандар оны жеткізумен айналысса, арнайы комиссия ертеңнен бастап оның мекемелердегі дұрыс сақталуын тексеретін болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері де екпенің ақысыз егілуі мен санының дұрыстығын қадағалап отыр. Ал қазіргі қойма  отандық вакцинаны қабылдап алуға да сақадай сай.

Бұл жердің температурасы +2 градустан + 8 градусқа дейінгі аралықта. Әзірге мұнда қарапайым уколдар сақталған. Бірақ алдағы уақытта «КазКовидин» вакцинасы келетін болса, осы жерде сақталады дейді. Себебі оның сақталу температурасы +2 градустан + 8 градусқа дейінгі аралықта болуы керек.

Халықты вакцинациялау кезең-кезеңімен тиісті деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Ал ел алдында жүрген тұлғалар екпе егуге түсіністікпен қарауға шықырады.

«Мен вакцина егу керек деп ойлаймын. Себебі бұл жылдар бойы тексерілген әдіс. Қандай ауру болмасын, екпеге жүгінетін едік қой. Коронавирус инфекциясы да дәл сол сияқты. Тезірек індеттен құтылу үшін халық жаппай вакцинациялауға түсіністікпен қарауы керек деп санаймын», – деді кәсіпкер Арманжан Байтасов.

Айта кету керек, ақпан айынан бері Алматыға 16 мың  вакцина келген. Ал сәуір айының аяғына дейін Алматы қаласына 1 миллион вакцина келеді деп күтілуде.

Жанар Ғаниқызы, Ялкунжан Ашимжанов, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы


Новости партнеров