Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны күрт төмендеген
Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болғандардың саны күрт төмендеген. Оған республика азаматтарының екпе салғызудағы белсенділігі де себеп болып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы, вакцинаны медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдардан басқалары салғыза алады.
«Ал мүгедектік дәрежесі бар тұрғындар дәрігердің арнайы рұқсаты болған жағдайда ғана коронавирусқа қарсы ем қабылдай алады», – дейді мамандар.
Мүгедектігі бар азамат қандай да бір жерде есепте тұрса, екпе алмас бұрын дәрігердің арнайы рұқсаты керек болады. Нақтылай айтсақ, неврологиялық ауытқуы немесе дене құрысуы болса, ондай диагнозбен вакцина салғыза алмайды. Ал мүгедектігі бар, бірақ ауру деңгейі аса қауіпті деп танылмаса, еш қиындықсыз екпе қабылдай беруі керек.