Маңғыстаулық мұнайшылар арасында екпе алушылар көбейді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Әзірге алған адамдардың ішінде ауыр асқыну фактілері тіркелмеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстаулық мұнайшылар арасында екпе алушылар көбейді. Бүгін білікті эпидемиолог және инфекционист мамандар Жаңаөзен қаласында ірі еңбек ұжымдарымен кездесті. Олар «Өзенмұнайгаз» компаниясы, «Бұрғылау» және «Өзенинвест» серіктестіктерінде болып, жұмысшылардың вакцинацияға қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv

Шаһардағы кәсіпорындар мен мекемелер екпе науқанын белсенді жүргізуге ниетті. Олар ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы, індетті еңсереміз деп отыр. Қазір Жаңаөзенде 10 400-ден астам адам вакцинаның 1-компонентін алды. Өкінішке қарай, жыл басынан вирустан 7 науқас көз жұмды.

«Халық түсінді деген ойдамыз. Вакцина алуға қарсы емес. Түсіндірме жұмыстарын жалғастырамыз. Қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт халықтың сұрағына толығымен жауап беруге дайынбыз», – деді инфекционист-дәрігер Айнұр Садықова.

«Өзінің денсаулығын, отбасын ойлайтын адамдар екпе алып жатыр. Әзірге алған адамдардың ішінде ауыр асқыну фактілері тіркелмеген. Вакцина өте қарқынды жүріп жатыр», – деді компания қызметкері Әділ Сүйеубай.

Новости партнеров