Алмаз Шарман "Спутник-V" вакцинасының тиімділігі жайлы айтты

21.04.2021 01:32

Коронавирус вакцинасын қабылдау әлемнің түрлі мемлекеттерінде жүзеге асып жатыр

Almaty.tv

Коронавирус вакцинасын қабылдау әлемнің түрлі мемлекеттерінде жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дегенмен аталған шарадан бас тартқандар да жоқ емес. Екпеден туған кері әсерге қатысты қоғам арасында екіұшты пікір пайда болғанда қай вакцинаны салғызған тиімді? Олардың ерекшелігі неде? Сарапшы сөзін тыңдайық.

«100 пайыз мінсіз вакцина болмайды. Мұны ескеруіміз керек. Вакцина бізді, расында, аурудың қиын жағдайынан сақтайды, оған аса үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Қазіргі таңда қолданысқа енген екпелердің бәрі арнайы тексеруден, зерттеуден өткен. Олар 90 пайызға дейін инфекция жұқтырудың алдын алады», – деді иммунолог, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман.

Сарапшы Қазақстанда қолданылып жатқан Спутник-V-ге де баға берді. 

«Әлемде кең тараған вакциналардың қатарында аталған екпе 3-орынға ие. Ал вакцинациядан кейінгі дене қызуының көтерілуі мен әлсіздік белгілері қалыпты жайт», – дейді маман.