Алексей Цой: Індеттен көз жұмғандардың 97,7%-ы екпе алмағандар

21.08.2021 01:55

Созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина алуға кеңес беріледі

Almaty.tv

Ковидтан көз жұмғандардың 97,7%-ы екпе алмағандар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, вакцина алғанына қарамастан 115 азамат коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол бұл жағдайда вакцина алған азаматтардың созылмалы аурулары болғанын, соңы ушығуына әкеліп соққанын жеткізді. Созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина алуға кеңес беріледі. Өйткені олар қатер төнетін топқа жатады.

«Жалпы, коронавирус инфекциясынан 4 969 адам, оның ішінде вакцинация алған 115 адам қайтыс болды. Яғни, бұл жалпы қайтыс болғандардың 2,5 пайызы. Қауіпті дерттен көз жұмғандардың басым бөлігі, 97,7 пайызы вакцина алмағандар. Вакцина алғанымен қайтыс болған адамдарда созылмалы аурулары болған. Дәл осы жайт олардың жай-күйлерінің нашарлауына және өмірден озуына себеп болған», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі  Алексей Цой.

Ал, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде 354 мектеп жаңа оқу жылына дайын еместігін айтты.

«Мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, мектепке келген балалардың арақашықтығын сақтауына арналған белгілердің және санитайзерлердің бар болуын, мектепке кіреберістегі бақылау қалай жүргізілетінін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 354 мектеп дайын емес екені көрсетті. Бұл тексерулер 25 тамызға дейін жүргізілетін болады», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.