Алматыда коронавирус вакцинасының екі мөлшерлемесін 878 мыңға жуық адам алды

Фото: gazetadaily.ru
Фото: gazetadaily.ru
Жыл соңына дейін «Спутник V» екпесінің 50 мың дозасын алып келу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елде вакциналау қарқыны қандай?  Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін 7 716 723 адам ектірсе, екінші компонентін 6 671 959 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Соның ішінде, Алматы қаласында екпенің екі мөлшерлемесін де 878 мыңға жуық адам алған. Халықтың екпе алуға белсенділік танытқаны соншалық, тіпті кейбір емханалар мен егу пункттерінде «Спутник V» екпесі бітіп қалған.  

Қазақстанда COVID-19 екпесінің екі компонентін алғандар саны:

Нұр-Сұлтан - 394406

Алматы - 877749

Шымкент - 430960

Ақмола облысы - 254646

Ақтөбе облысы - 280511

Алматы облысы - 668582

Атырау облысы - 190859

ШҚО - 606227

Жамбыл облысы - 370998

БҚО - 198942

Қарағанды облысы - 467927

Қостанай облысы - 290511

Қызылорда облысы - 261420

Маңғыстау облысы - 134848

Павлодар облысы - 273526

СҚО - 220532

Түркістан облысы - 749315.

«Спутник V» екпесі қаладағы 20 емханада таусылып қалды. Алайда, басқа егу пункттерінде бар. Жылдың соңына дейін вакцинаның 50 мыңға жуық жаңа дозасын алып келу жоспарланып отыр. Қазір бізде QazVac, Verocell екпелері бар. Бірақ айтарлықтай екпе тапшылығы болған жоқ. Яғни, емханаға вакцина алуға келген адамдар екпенің қалаған түрін салдыруына мүмкіндік бар», – дейді Алматы қаласының штаттан тыс эпидемиологы Эльвира Ибрагимова.  

Дәрігерлер «Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» абзал дейді. Карантин жеңілдетілді деп, арқаны кеңге салатын уақыт жеткен жоқ. Тек екпе салдырып, қоғамдық иммунитет қалыптастыру арқылы індетті жеңуге болады.

Новости партнеров