Вакцина – елімізді індеттен аман алып шығудың жолы: 135 мыңға жуық алматылық екпе алды

20.04.2021 в 02:15

Республика бойынша вакцина салдырған қазақстандықтардың саны 700 мыңға жуықтады

Республика бойынша вакцина салдырған қазақстандықтардың саны 700 мыңға жуықтады. Ал, екпе алған тұрғындар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда осы уақытқа дейін 135 мыңға жуық адам ресейлік Спутник-V препаратын ектірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Елдің барлығы алып жатыр. Ешкімге ештеңе болып жатқан жоқ. Вакцина алған дұрыс деп есептеймін. Себебі вирусқа қарсы иммунитет адамда пайда болуы керек», –  деді  қала тұрғыны Әкім Оразханов.

«Меніңше, бұл вакцинаны алу бәрімізге міндетті сияқты. Себебі біз қаншама адаммен қарым-қатынаста боламыз. Ешкімге зиянымызды тигізбей, елімізді індеттен аман алып шығудың жолы сияқты», –  деді  қала тұрғыны Айтұлу Найманова.

Айта кетейік, қазір мегаполис бойынша 203 вакцинациялау пункті таңғы сағат 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеп жатыр. Екпе алу үшін жергілікті емханаға тіркелу міндетті емес. Кез келген алматылық өзіне ыңғайлы екпе пунктіне барып, вакцина салдыра алады.