Аяғы ауыр қыз-келіншектерге екпе алуға бола ма – маман жауабы

05.10.2021 02:39

Еуропадағы қазақ дәрігерлері қауымдастығының жетекшісі Тұрсын Серік пікір білдірді

Фото: glas.ru

Аяғы ауыр қыз-келіншектерге екпе алуға бола ма? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін Almaty.tv тілшісі Еуропадағы қазақ дәрігерлері қауымдастығының жетекшісі, Берн қаласындағы отбасылық дәрігерлер институтының оқытушысы Тұрсын Серік Тәженұлымен сұхбаттасқан еді.

Терапевт-дәрігер Еуропа мен Швейцарияда екпеге сұраныс артып, карантин талаптары жеңілдетіле бастағанын айтады. Әсіресе, аяғы ауыр келіншектер вакцинаны белсенді салдыра бастапты. Дәрігермен болған сұхбатты төмендегі видеодан көре аласыздар.