Коронавирус вакцинасының 3-компоненті қандай жағдайда салынады – маман пікірі

Коронавирус вакцинасының 3-компоненті қандай жағдайда салынады – маман пікірі
Елімізде Спутник-V және QazVac вакциналары 21 күн аралықпен 2 рет егіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде Спутник-V және QazVac вакциналары 21 күн аралықпен 2 рет егіледі. Бұл уақыт аралығын кімдер бекіткен? Жалпы екпенің бірінші дозасын алған соң антиденелер ағзада қанша уақыттан кейін пайда болады? Бұл сұрақтарға қазір Almaty.tv тікелей эфиріне байланысқа қосылған дәрігер-терапевт Раушан Битемірова жауап беруге дайын.

– Раушан Қосмұратқызы, қайырлы кеш! Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен екінші дозасының арасы неге 21 күн? Жалпы екпенің екінші компонентін алудың маңызы қандай?

– Жалпы коронавирус инфекциясына қарсы екпе 2 компоненттен тұрады. Яғни бірінші компонентті антидене адам ағзасына енгеннен кейін ол адам жасушасына енеді. Ол жерде иммундық жауап пайда болады. Яғни, адам жасушасындағы ақуыз синтезделе бастайды енген антиденеге байланысты. Соған жауап ретінде антидене түзіледі адам ағзасында. Жалпы бұл процесс 21 күнге созылады. 21 күн ішінде толығымен антидене қалыптасады. Яғни, біз бірінші компонентті салған соң, толығымен антидене қалыптасады. Ал, екінші және үшінші компонент арқылы біз сол қалыптасқан антидененің сапасын, яғни иммундық жауаптық реакцияны нығайтамыз. Бұл деген сөз вирус біздің ағзамызға енген күннің өзінде ол иммундық жауап ретінде өздігінен жойылып кетеді.

– Раушан ханым. Ал, Ұлыбританияда қолданыстағы вакцинаның үшінші компонентін шығаруды қолға алып жатыр. Жалпы үшінші доза не үшін керек?

– Жалпы Ұлы Британия коронавирус екпесін  ең көп жасап жатқан мемлекеттердің бірі саналадыы. Үшінші компаненттің салынудың негізгі себебінің бірі – вирус геномы өзгеріп жатыр, иә, яғни мутацияланып жатыр. Сол үшін иммундық жүйені ары қарай нығайту үшін олар үшінші компанентті енгізді. Жалпы еліміздегі үшінші компонент енгізілуі мүмкін бе деген сұраққа бұл жерде біз міндетті түрде, яғни екінші компоненттен кейінгі нәтижеге қаралады. Яғни, бізде Спутник-V екпесінің екінші компоненті салынып біттті. Соған байланысты егер халықтың арасында аурушаңдық азаятын болса, ешқандай 3-компонент енгізілмейді. Егер иммундық жүйе әлсіз болса, халық арасындағы коронавирус инфекциясының жоғарылауы екпе алған кісілерде жоғарылайтын болса, онда 3-компонент туралы сұрап, қарастырылады.

– Жақсы, Раушан Қосмұратқызы, тұжырымды ақпаратыңызға рахмет.

Новости партнеров