Абзал Малбасқанов: Вакцина салдырған адамдар індетті ұмыта бастады

Абзал Малбасқанов: Вакцина салдырған адамдар індетті ұмыта бастады
Қазіргі уақытта той-томалаққа барып, егде жастағы адамдарға вирус жұқтырып жатқан жағдайлар жиі кездеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

И. Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы инфекция бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонологы Абзал Малбасқанов КВИ індетін алдын алудың бір жолы вакцина екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.    

«Мына дана халқымыз айтады ғой: «Аурудың емін іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп. Бүгінгі таңда ауырмайтын жолдың бірі – вакцина. Вакцина қазір біраз зерттеліп, нақты ғылыми тәжірбиелерден өтіп салынып жатыр. Вакцина салған адамдар індетті ұмыта бастады. Ол жақсы. Сол себептен сіздерді де осы вакцина салдырып, өзімізді сақтануға шақырайық», – деді ол.

Сонымен қатар, дәрігердің сөзінше,  қазіргі уақытта той-томалаққа барып, егде жастағы адамдарға вирус жұқтырып жатқан жағдайлар жиі кездеседі. Ауру жұқтырғандардың көбі – егде жастағы адамдар.

«Көбінесе  бізде ауратындар – үлкен кісілер. Үлкен кісілер болған соң, олардың балалары бар. Жұмысқа барып келеді немесе той-жиындарға барады. Содан адамдарға, әке-шешесіне жұқтырып жатқан жағдайлар жиі кездесіп жатады. Қазақ болған соң өзі тойшыл халықпыз ғой. «Қазақтың тойы бітпесін» деп әрқашанда ұрандатып жүреміз. Бірақ енді қазір бұл салт-дәстүрді сәл кейінге шегере тұрған дұрыс болады деп ойлаймын. Неге десеңіздер, бұның барлығы уакытша дүние. Өтеді де кетеді. Біз бұны жеңетінімізге сенімдімін», – деді ол.

Новости партнеров