«Алматы» телеарнасынан «Шешімі бар» бағдарламасын дүйсенбі мен жұма аралығында 18:00-де көре аласыздар
Отбасы мүшелерінің бірінің нашақорлығы жанындағы әр адамға өз ізін қалдырады. Есірткіге тәуелді адамның жақындарының психикасын бұзады. Олардың өмірі күйзеліске, қорқынышқа, уайымға, негативке толы болып келеді. «Шешімі бар» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері Үмида Мырзақожаева есірткінің құрығына түсіп, тура жолдан тайған күйеуінен ажырасып кетті. Үмиданың бар жұбанышы – үш баласы. Осылар үшін өмір сүреді. Бар алданышы да солар.
Балалар әдебиетінің классик жазушысы Бердібек Соқпақбаев: «Әйел затын, жалпы нәзік деп атайды ғой. Бос сөз. Мықтының ең мықтысы, көнбістің ең көнбісі әйелдер екеніне мен кіммен де дауласуға бармын» деген екен.
Расында, Үмида, жолында қандай қиындық кездессе де мойымай, өмірлік тәжірибе арқылы мықты әйелге айналуда. «Шешімі бар» бағдарламасының мамандары да бұл іске өз үлесін қосты. Себебі қыз-келіншектер – қашанда әдемі болып құлпырып, бақытты болып жадырап жүруге әбден лайық жандар.
Оқи отырыңыз: Қапы қалмаңыз: көрермен көзайымына арналған үздік жобалар