Қалыңдықтың гүл шоғын қағып алған қыздың жігіті күтпеген қадамға барды (видео)

06.02.2019 22:48

Үйлену тойындағы өте күлкілі жағдай бейнекамераға түсіп қалды. Бойжеткен қалыңдықтың гүл шоғын қағып алады, алайда оның жігіті бұған қуана қоймапты.

Әлеуметтік желіде сүйіктісі қалыңдықтың гүл шоғын қағып алған жігіттің реакциясы жайлы видео жылдам таралып жатыр.

Гүл шоғының иесі қалыңдықтың басқа құрбыларымен бірге қуанып жатқанда, оның жігіті қыздардың жанынан асығыс өте шығып, орманға қарай қашып кетеді.

Жақында үйленетіні жайлы «хабар» оны еш әсерге бөлемесе керек. Күлкілі видеоны мыңдаған адам көріп, «ұнайды» белгісін қойған.