«Алматы» телеарнасынан «Шешімі бар» бағдарламасын дүйсенбі мен жұма аралығында 18:00-де көре аласыздар
Шынайы өмірдегі шынайы кейіпкерлердің оқиғасы еш боямасыз, бүкпесіз көрсетілетін «Шешімі бар» ток-шоуы көрерменге қайта жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жаңа маусымның алғашқы бағдарламасында «өз балаларыма өгей болдым» деген көпбалалы әке Жәнібек Төребеков көпшіліктен көмек сұрады.
Өз балаларына «құбыжық» болдым деген әке бұған әйелін кінәлайды. Балаларын іздеп барғанда, әйелі мен қайын жұрты жұдырық жұмсап, полицияға арызданған.
«3 әйелден 8 бала. Соңғы әйеліммен карантинге дейін танысқанбыз. Нақты есімде жоқ. Ол туралы айтатын болсам, маған балаларымды қарсы қойған. Менімен араласатын болса, оларды ұрып, қорқытады. Үшінші қызым сөйлемей қалған. Үлкен ұлым бізді қайта қоспақшы болып ниет білдіріп жүрді. Кейін мені көргенде, шайтанды көргендей үркіп тұратын болды. Бұған менің әйелім кінәлі. Себебі әйелімнің өзі, менімен жатқанда шошитын. Оған өзіндік бір себебі бар», – деді Жәнібек Төребеков.
Сегіз баланың әкесі Жәнібек әу баста әйелдерімен танысқан кезде бедеулікке ұшырағанын айтып, перзенттері «эксперимент» арқылы дүниеге келгенін айтқан.
«Белсіздікке ұшыраған» көпбалалы әке Жәнібек Төребековтің мәселесі қалай шешілді? Ол қолданған «эксперименттің» құпиясы қандай?
Бағдарламаның толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.