|
01.12.2023 | 12:18
715

Алматыда іздеуде жүрген 38 қылмыскер ұсталды

Құқықтық тәртіп іс-шарасы өтті

 Алматыда іздеуде жүрген 38 қылмыскер ұсталды

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысынд іздеуде жүрген 38 қылмыскер ұсталды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының 10 күнінде "ізін суытпай" 316 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 144 қылмыстың беті ашылды.

 – Іс-шара кезеңінде құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейтуге екпін түсірілді. Сонымен қатар көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, бұзақылық, қоғамдық мүліктікке залал келтіру, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесуге баса назар аударылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков. 

Іс-шара басталғалы полиция бөлімшелері заңсыз айналымнан 10 атыс қаруы мен 4 суық қаруды тәркіледі. 14716 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 210 отбасы-тұрмыстық қатынастарға қатысты болды. Сондай-ақ 2 мыңға жуық қоғамдық орынды ластау, 500-ден астам тыныштықты бұзу, 1,5 мыңнан астам қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішу, 900-ге жуық қоғамдық орында темекі шегу деректері анықталды.

Оқи отырыңыз: Алматыда түнгі көбелектер ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир