|
01.12.2023 | 12:47
2054

Электр қуатының тарифі өсті: Алматыда әлеуметтік өтемақы көлемі қанша болады

Азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік көмек төленеді

Электр қуатының тарифі өсті: Алматыда әлеуметтік өтемақы көлемі қанша болады Сурет: Алматы әкімдігі

Коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты әлеуметтік осал топ өкілдеріне қосымша қолдау көрсету үшін өтемақы мөлшері 2023 жылғы 1 қарашадан бастап – 0,5 АЕК-тен (1725 теңге) 0,6 АЕК-ке (2070 теңге) дейін артады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Мұндай шешім Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясында қабылданды.

Осы жылдың 1 қарашасынан бастап электр энергиясының тарифі көтерілген соң түзету қажет болды: заңды тұлғалар үшін – 1,2%,  жеке тұлғалар үшін-1 квт/сағ үшін 7%.

Бұған дейін ХӘОТ санатындағы алматылықтар үшін 0,5 АЕК өтемақыны мәслихат ағымдағы жылдың тамыз айында бекітті, өйткені шілде айында коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілді.

Тарифтердің өсуін өтеу үшін азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі. Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин ДРЕМ есебінше тарифтің өсуі жеке тұлғалар үшін көрсетілетін қызмет құнын орта есеппен 315,6 теңгеге арттырады. Өтемақы мөлшерін қайта қарау тұрғын үйге әлеуметтік көмекті 345 теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Депутаттар әкімдіктің ұсынысын қолдады. Әлеуметтік көмек көрсету мерзімі 2024 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылады. 

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда, оған өтінішсіз әлеуметтік көмек тағайындалады, ал 2023 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүгінген адамдарға әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және төленеді.

Айта кетерлігі тарифтерді көтеру қаланың коммуналдық желілерінің тозуын азайту және апаттар мен коммуналдық қызметтерді көрсетудегі үзілістер тәуекелдерін азайту үшін "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда тозығы жеткен жылу желілері қашан жаңартылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир