Олардың айыбын растайтын дәлелдеме ұсынылды
Абай облысында мал ұрлығымен айналысқан 11 адам сотталды. Бесқарағай ауданында бірнеше рет қылмыс жасаған топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар 36 бас ұсақ малды ұрлап, тағы 14 бас малды қолды қылмақ болған. Прокуратураның мәліметінше, жедел-тергеу шаралары барысында күдіктілердің бірнеше қылмысқа қатысы бары анықталған.
Сот талқылауы кезінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға тағылған айыпты растайтын дәлелдемелерді ұсынды.
– Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға тағылған айыпты растайтын дәлелдемелерді ұсынды. Сот үкімімен барлық 11 сотталушы кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – деді Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының басқарма прокуроры Айбын Жанаспаев.