Қылмыстық табыстың жалпы сомасы 221 миллион теңгеден асты
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өнімдерді сату үшін әлеуметтік желілердегі онлайн-дүкендер пайдаланылып, жеткізу курьерлік тәсілмен жүзеге асырылған.
Заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында схемаға қатысушылар конспирациялық шараларды қолданған, соның ішінде ақшалай қаражатты қабылдау және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлерді тартқан.
Қылмыстық табыстың жалпы сомасы 221 миллион теңгеден асты.
Соттың санкциясымен күдіктілердің пәтері мен автокөлігіне арест қойылды.
Қылмысты ұйымдастырушы қамауға алынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 маусым аралығында ауа райы қандай болады