Астанада ломбард атын жамылған заңсыз микроқаржы ұйымдары әшкереленді

16.11.2026 15:10

Заңсыз қызметтен түскен табыс 102 миллион теңгеден асқан

Астанада ломбард қызметін көрсеткендей кейіп танытып, заңсыз микроқаржылық қызметпен айналысқан тұлғалар анықталды. Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан бері үш жеке кәсіпкерлік тиісті лицензиясыз азаматтарға қарыз беріп келген. Заңсыз әрекеттерін жасыру үшін клиенттермен ломбард қызметін көрсеткендей жалған құжаттар рәсімдеген, деп хабарлайды Almaty TV.

Негізінде, олар азаматтарға 30 күнге қарыз беріп, күніне 0,25 пайыз сыйақы есептеген. Қарыз уақытында қайтарылмаған жағдайда айыппұл салып, кепілге қойылған мүлікті сатып отырған.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжанның айтуынша, заңсыз қызметтен түскен табыс 102 миллион теңгеден асқан.

«Мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен екі пәтерге, үш автокөлікке және екі кеңсеге тыйым салынды», – деді Ернар Тайжан.

Толық көрсету