Алматы жолдарында бір тәулікте 2 мыңнан астам заңбұзушылықтың жолы кесілді

14.08.2026 09:38

Сонымен қатар 21 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды

Аlmaty.tv

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 081 дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының прокуратурасының хабарлауынша, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 279 өрескел құқықбұзушылық тіркелді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында:

  • көлік құралын мас күйінде басқару – 5 дерек;
  • көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік басқаруы – 1 дерек;
  • жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 1 дерек;
  • маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 109 дерек;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 93 дерек;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу – 10 дерек;
  • көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 60 дерек.

Сонымен қатар 21 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз: 14 тамызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Толық көрсету