Мегаполисте адалдық пен әділдікке үндеген жобалар бағаланды

19.11.2026 18:15

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Адал ұрпақ – Саналы таңдау» атты қалалық слётке мектеп, колледж және жоғары оқу орындарынан 12 команда қатысты.

Белсенді жастар бір ай бұрын ұсынған бастамаларын жетілдіріп, қазылар алқасының алдында қорғады. Сарапшылардың жоғары бағасын алған «Үздік практикалық бастама», «Үздік командалық шешім» және «Үздік жоба» аталымдарының авторлары арнайы сыйлықтарға ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас буынның бойында адалдық, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.

«Бүгінгі іс-шара қатарынан озып шыққан, білімі мен интеллектуалдық қабілеті жоғары балалардың басын қосып, пікір алмасуына, еңбегін қорытындылап, марапаттауға арналған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін жастайынан қалыптастыру керек», – деді «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының президенті Марат Қалимолдин.

Толық көрсету