Алматыда оқушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді
Іс-шараны Қоғамдық даму орталығы ұйымдастырды
Алматыда «Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасы аясында оқушылармен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараны қалалық Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы ұйымдастырды.
Кездесу Алматы мамандандырылған инновациялық лицейінің оқушыларына арналды.
Негізгі мақсат – жастардың құқықтық сауатын арттырып, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің оқытушысы Сандуғаш Дарханова және Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Көбеев қатысты.
Кездесу барысында мамандар құқықтық сауаттылықтың маңызына тоқталып, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады.