Алматының бас полицейі қала орталығын тексерді

polisia.kz
polisia.kz

Сонымен қатар электрсамокаттарды жалға беру сервистерінің жұмысына ерекше назар аударылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов Алмалы аудандық полиция басқармасының басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, қызметтің негізгі басым бағыттарын айқындады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция ведомствосының басшысы заңдылықты қамтамасыз етуге, атқарушылық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың өтініштерін сапалы қарауға, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың тиімділігі мен қылмыстарды ашу көрсеткіштерін арттыруға ерекше назар аударды.

Кеңестен кейін Айдын Кабдулдинов қалалық базарлардың біріндегі қоғамдық тәртіптің жай-күйімен танысты.

Аумақты аралау барысында сауданы ұйымдастыру, абаттандыру талаптарының сақталуы, тұрғындар мен қала қонақтарына қолайсыздық туғызатын факторларды жою мәселелері қаралды.

Сонымен қатар электрсамокаттарды жалға беру сервистерінің жұмысына ерекше назар аударылды.

Департамент бастығы электрсамокаттардың орналасқан орындарында тәртіпті қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына кедергі келтіретін бейберекет тұраққа жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қылмыстың алдын алуды ғана емес, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жайлы қалалық ортаны қалыптастыруды да қамтитын кешенді тәсілді талап етеді. – Полицияның жұмысы тек қылмыстарды ашу немесе құқық бұзушылықтарға ден қоюмен шектелмейді. Қызметіміздің барлық бағытында заңдылықтың сақталуы – басты басымдық. Сонымен қатар біз қауіпсіз әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруымыз қажет. Көшелердегі тәртіп, сауданы дұрыс ұйымдастыру, электрсамокаттарды мәдениетті орналастыру, жаяу жүргіншілердің құқықтарын құрметтеу – мұның бәрі алматылықтардың өмір сүру сапасы мен әрбір тұрғынның қауіпсіздік сезіміне тікелей әсер етеді, – деді Айдын Кабдулдинов.

Оқи отырыңыз: Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды