Астанада компаниялардың шотынан қаржы жымқырған есепші сотталды

Бекбергенова Арайлым Манатқызы

Оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада екі компанияның есепшісі қызметтік жағдайын пайдаланып, ұйымдардың шотынан 109 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған. Сот әйелді 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу мәліметінше, есепші компаниялардың шотындағы ақшаны келісімшартсыз өзінің және өзі бақылайтын жеке кәсіпкерлердің есепшоттарына жүйелі түрде аударып отырған. Заңсыз әрекеті әшкереленіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырды.

«Сот сотталушыға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырды. Сотталушының асырауында 2013 және 2014 жылы туған кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, сот жазаны орындауды 1 жылға кейінге қалдырды», – деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.