Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасы әшкереленді
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысында полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері есірткі өндіретін ірі зертхананың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Операция барысында екі күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» құны шамамен 40 миллиард теңгеге бағаланады. Оның көлемі 2 миллионға жуық бір реттік мефедрон мөлшеріне тең.
Тергеу дерегіне сәйкес, күдіктілер Қазақстанда және көрші елдерде есірткі мен психотроптық заттарды көп мөлшерде дайындап, кейін заңсыз сатуды жоспарлаған. 48 жастағы күдікті ұйымдастыру жұмыстарына жауап берсе, 28 жастағы азамат зертхананы басқарып, топқа жаңадан қосылған адамдарға есірткі және психотроптық заттарды дайындауды үйреткен.
Тінту барысында жасырын цехтан түрлі ыдыстар мен ұнтақ тәрізді заттардың қалдықтары табылған. Сондай-ақ 50 тонналық цистернадан алынған 10 литр сынаманың құрамынан 1 келі 723 грамм мефедрон анықталған.
Екі күдікті де қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41