Қауіпсіз жол: Алматыда бір тәулікте қанша жол ережесі бұзылды

09.09.2026 09:49

Мегаполис жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Аlmaty.tv

Алматыда өткен тәулікте жол қозғалысы ережесін бүзудыңң 1 913 дерегі анықталды. Оның 162-сі - жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, анықталған заңбұзушылықтардың ішінде:

  • 8 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған;
  • 1 адам көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған;
  • 9 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан;
  • 78 адам маневр жасау ережесін бұзған, оның ішінде қауіпті «шашка» жасаған;
  • 38 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған;
  • 28 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған.

Сонымен қатар 11 көлік арнайы тұраққа қойылды.

Прокуратура жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары жалғасатынын хабарлады.

Оқи отырыңыз: 

Толық көрсету