Қауіпсіз жол: Алматыда өткен тәулікте қанша жол ережесі бұзылды

18.09.2026 09:58

Мегаполис жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Аlmaty.tv

Алматыда өткен тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 784 фактісі анықталды. Оның ішінде адам өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 187 өрескел құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, анықталған құқықбұзушылықтардың қатарында:

  • мас күйінде көлік басқару – 5;
  • көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның рөлге отыруы – 2;
  • жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқару – 2;
  • қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу – 7;
  • маневр жасау қағидаларын бұзу, соның ішінде қауіпті маневр («шашки») – 65;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 58;
  • көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану – 48.

Сонымен қатар 14 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз: Қала күніне орай Алматыда жаңартылған демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Толық көрсету