Қазақстан Интерпол бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр

polisia.kz
polisia.kz

Қазақстандық тарап Интерпол мүмкіндіктерін пайдалану бойынша тәжірибесін таныстырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Орталық Азия елдерінің Интерпол ұлттық орталық бюролары басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық кездесуге Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның делегациялары, сондай-ақ Интерполдың Бас хатшылығының өкілдері қатысты.

 Іс-шараға қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық іздестіру, киберқауіптер мен қаржылық қылмыстарға қарсы күрес, ақпарат алмасу және Интерполдың құралдары мен дерекқорларын тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.

Кеңестің Астанада өткізілуі Қазақстанның халықаралық және өңірлік полиция ынтымақтастығын дамытудағы белсенді рөлін айқындайды.

Кездесу аясында қазақстандық тарап Интерпол мүмкіндіктерін пайдалану бойынша тәжірибесін таныстырды.

Сонымен қатар қатысушылар Орталық Азия бойынша өңірлік іс-қимыл жоспарын талқылады.

Құжат құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіруді одан әрі нығайтуға және заманауи трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге бағытталған.

Оқи отырыңыз: ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы тағайындалды