Ұсталғандардың кейбірі Қытайда осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды
ҰҚК заңсыз көші-қонға қарсы күрес барысында Қазақстанда халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған 13 Қытай азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардан компьютерлер, ұялы телефондар, Starlink жабдықтары және криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.
Ұсталғандардың кейбірі Қытайда осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды.
16 қазанда олар Қазақстан аумағынан әкімшілік тәртіппен шығарылып, одан әрі тергеу үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылды.