Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

24.06.2026 14:52

 Прокурорлардың хабарлауынша, тексеру кезінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мемлекеттік органдардың төрт қызметкері прокуратура тексерісінен кейін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 Прокурорлардың хабарлауынша, тексеру кезінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған.

«Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, қызметтік тәртіпті нығайту бағытындағы мұндай жұмыстарды жалғастыра береді», – деді Сарыағаш аудандық прокуратурасының прокуроры Бақдәулет Тәжімет.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде қызметкерлер атқарып отырған лауазымдарынан босатылған.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт пен оның достары сотталды