Оралда әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын 10 тәулікке қамалды

15.10.2026 10:41

Полиция азаматтарды әдеп нормаларын сақтауға шақырды

polisia.kz

Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтылған бейнежазба жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтаған.

Тексеру барысында оның авторы Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желіде қарым-қатынас жасау кезінде әдеп нормаларын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және балағат сөздер қолданбауға шақырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады

Толық көрсету