Оқиғаны байқаған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған
Атырауда полицейлер Франциядан келген туристердің жоғалған заттарын жедел тауып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
12 шілде күні сағат 20:10 шамасында Франция Республикасының екі азаматы Атырау қаласындағы Құрманғазы ауданында орналасқан жағажайға демалуға келген. Кешкі ас ішу үшін жағажайдан уақытша кеткен сәтте, сол жерде қалдырылған жеке заттарын белгісіз адамдар иемденіп кеткен. Оқиғаны байқаған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған.
Хабарлама түскеннен кейін небәрі бес минут ішінде оқиға орнына патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Наурызбек Сұлтанов, Бекжан Мұратқалиев және Әліби Жасталапов жетіп, жедел іздестіру шараларын бастаған. Полицейлердің кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жарты сағат ішінде күдіктілер анықталып, туристерге тиесілі спутниктік ұялы телефон мен 200 АҚШ доллары табылып, заңды иелеріне қайтарылды.
Франция азаматтары полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсібилігіне жоғары баға беріп, көрсетілген көмек үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.