Шымкентте интернет алаяқтар тобының жолы кесілді

22.06.2026 13:15

Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы кең таралған алаяқтық схеманы қолданған

Polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы кең таралған алаяқтық схеманы қолданған. Олар азаматтарға туысы, досы немесе жақын танысы болып хабарласып, түрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша аударуды сұраған. Алданған тұрғындар көрсетілген шоттарға қаражат жіберіп отырған. Жәбірленушілердің бірі – жергілікті тұрғын.

Ол өзіне досының атынан шұғыл қаржылай көмек сұраған хабарлама келгеннен кейін, еш күмәнданбастан көрсетілген есепшотқа 3,5 миллион теңге аударған. Кейін алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер алты күдіктіні анықтады. Тінту барысында жалдамалы пәтерден қылмыс жасау кезінде пайдаланылған 19 SIM-карта, 11 телефон және планшет тәркіленді.

Оқи отыыңыз: Түркістан облысында шекарадан өтуді «жеделдеткен» қылмыстық топ құрықталды