Шымкентте әлеуметтік желіде бейәдеп сөз айтқан ер адам 10 тәулікке қамалды

08.08.2026 14:39

Заң цифрлық кеңістікте де баршаға бірдей қолданылады

polisia.kz

 

Әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контенттің таралуына жол бермеу және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттердің алдын алу мақсатында Шымкент қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кезекті мониторинг барысында 39 жастағы қала тұрғыны Қуанышбек Умарбековтің TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Аталған құқықбұзушылық үшін ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер мен өзге де жарияланымдар заң талаптарына сәйкес болуы тиіс екенін ескертеді.

Лайк, қаралым немесе танымалдық үшін қоғамдық тәртіпті бұзу, әдепсіз әрекеттер жасау және құқыққа қайшы контент тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. З

Заң цифрлық кеңістікте де баршаға бірдей қолданылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар денсаулығы технологиялар көмегімен бақыланады

Толық көрсету