ҰҚК мен полиция жүк көліктеріне заңсыз делдалдық қызмет көрсеткен қылмыстық топты құрықтады
2026 жылғы 12 маусымда Түркістан облысында ҰҚК полициямен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тергеу мәліметтері бойынша, топ мүшелері шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдеткені үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырды деп күдіктелуде.
Жинақталған материалдар негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тінту барысында 5 дана атыс және пневматикалық қару, ірі көлемде ақшалай қаражат, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 маусым аралығында ауа райы қандай болады