Табиғи аумаққа 3 полиция модулі орнатылып, 93 бейнебақылау камерасы іске қосылды
Алматыдағы Баум тоғайында қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді. Түрксіб ауданы прокуратурасының бастамасымен табиғи аумаққа 3 полиция модулі орнатылып, 93 бейнебақылау камерасы іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Бақылау жүйелері күдікті нысандарды жедел анықтауға мүмкіндік беретін арнайы технологиямен жабдықталған. Сонымен қатар тәртіп сақшылары тоғай аумағын электрсамокатпен аралап, әуеден дрондар арқылы бақылау жүргізеді. Мамандардың айтуынша, қабылданған шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықбұзушылықтың алдын алуға, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Заң мен тәртіп идеологиясын іске асыру аясында Түрксіб ауданы прокуратурасының бастамасымен саябақ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізілді. Полиция басқармасының қызметкерлері оған қоса дрондармен қамтамасыз етілген. Саябақ аумағында қылмыс орын алған жағдайда бейнежазба арқылы анықтауға болады», – деді Түрксіб ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Нұрлан Қасымов.
Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданы тұрғындарға жайлы бола түсті