Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу тетіктері, жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері көтерілді
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында кітапхана қызметкерлеріне арналған «Киберқылмыстың алдын алу және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Расылхан Батырхан Айдарханұлы қатысып, киберқылмыстың алдын алу, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерінен қорғану жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында киберқылмыстың негізгі түрлері, интернет-алаяқтықтың алдын алу тетіктері, жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға құқықтық кеңестер мен практикалық ұсынымдар берілді.
Іс-шара соңында Ұлттық кітапхана қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттарымен танысты. Кездесу заңға құрметті қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және цифрлық қауіпсіздік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға ықпал етті.
Оқи отырыңыз: Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды