«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында құқықтық квест-марафонның бесінші ойыны өтті

Фото: Қоғамдық даму орталығы
Фото: Қоғамдық даму орталығы

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға көмектеседі 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Сайран көлі аумағында Д.А. Қонаев атындағы университетінің «Заңгерлер Альянсы» командасының қатысуымен «Қаладағы заң» құқықтық квест-марафонының бесінші ойынын өткізді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара барысында университет командасы құқықтық сауаттылықты арттыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар практикалық тапсырмаларды орындады. Қатысушылар құқықтық кейстерді шешіп, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы білімдерін көрсетті және тақырыптық командалық сынақтардан өтті.

Квест-марафон форматы жастарға өз білімдерін жаңғыртып қана қоймай, оларды нақты өмірлік жағдайларда тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуіне, сондай-ақ қабылданатын шешімдер мен жасалатын әрекеттер үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: ІІМ республикалық “Автобус” іс-шарасын қорытындылады